-
Журналистика қалай пайда болды?
Бұл сұраққа 3 түрлі негізде жауап алуға болады:
1-ұғым: Журналистика ең алғашқы газет шыққанда пайда болды яғни, бұл 1609 жылы Германияда ең алғашқы газеттің пайда болуымен байланысады.
2-ұғым: Газет пайда болмас бұрын ауызша шешендік өнер дамыған. Ежелгі Грецияда шіркеудегі шешендік пен зайырлы шешендік қатар дамып, ол бізге протожурналистиканы алып келді.
3-ұғым: Журналистика коммуникация құралы ретінде қолданысқа ие болды. -
Папирус оңтүстік Жерорта теңізінде пайда болды. Ол көбінесе қымбат қағаздардан жасалды немесе қымбат адамдарға арналды. Қазіргі тілмен айтқанда ВИП. Ол сол уақыттарда қазіргі қағаздардың орнына жүрді. Және қаншама папирусқа жазылған ежелгі ақпараттар кеуіп кете берді,себебі ол ұзақ уақытқа сақталмады. Сол үшін де 50,60,70 жылдардан кейін оны қайта-қайта көшіріп отыруға тура келді. Бұл қаншама жазбалар үшін өте үлкен проблемаға айналды.
-
Шешендік өнер яғни, бізді коммуникацияға жақын етті. Аристотель өзінің «Риторика» атты кітабында сөйлеу мәнерін 3 категорияға бөліп қарастырады.
1-Саяси
2-Салтанатты
3-Сот
Жалпы сөйлеу көне заманда қалай пайда болды?
Салтанатты кештерде мас күйінде сөз сөйлеу. Бұл Толстойдың дәстүрі бізге Грециядан жеткен. Яғни салтанатты кештерде вино ішіп, сөз сөйлеу дәстүрін-СИМПОУИЗМ деп атады.
СИМПОУИЗМ- грек тілінен аударғанда «спирттік ішімдіктерді бірге ішу» деген мағынаны білдіреді. -
Біз Демосфен, Цицерон секілді ұлы римдік ораторларды білеміз. Олардың айтқан шешендік сөздері бүгінгі күнге жеткен. Алайда римдік диктатор, ұлы тұлға Гай Юлий Цезарьді еске алатын болсақ, оның көп жазбалары болса да, айтылған сөздері мүлде жоқ екені есімізге түседі.
-
Юлий Цезарьдың екінші рет туындаған газеті. Бұл тарапта сенаторлардың айтқан сөздері жарияланатын болды. Саяси газеттің рөлін атқарып отырды. "Acta Senatus" газетін жауып тастаған уақытта ТИБЕРИЯ пайда болды.
-
Acta Diurna газет тұсында сары баспасөз феномені мен "сатқын журналист" идеологиясы пайда болды. Себебі бұл газет diurnalis (журналист) ауа-райы туралы жалған ақпарат беріп, ақша алатын. Газет сазды тақтайшаға үздіксіз мәтіндер арқылы жазылып отырды. Ондай тақтайшаның екі түрі болды. Форумда өткізілген сенаторлардың сөйлеген сөздерінен үзінділер көшіріліп отырылды.Бұл тақтайшаны базарларға іліп қоятын болды кейде адам көп жерлерге немесе өсек айтылатын жерлерде ілулі тұратын болды.
-
Ортағасырлық журналистиканы шіркеудегі уағыздаушылар немесе имамдар коммуникация құралы ретінде бізге жеткізу арқылы дамыды.
-
Гутенберг кітап басып шығаруды қолға алды. Бірақ ол кітаптарда нақты даталар жазылмады. Сол үшін қай кітап қай жылы шыққанын немесе қай кітаптың ең алғаш жарық көргенін ешкім анықтай алмады. Ең алғаш шығарылған кітап "Гутенберг библиясы" болды. Ол бұл кітапты 2 жылда шығарып бітті. Бір күнде бір беттен шығарып отырды. Англияда баспа машинасын олар жынмен теңеп, Құдайға деген құрметсіздік деп санады. Баспа құралын көп адам құдайға қарсы жынмен теңеп, Гутенбергке қарсы болады.
-
Неміс Франц Фон Таксис ақпаратты таратудың жаңа тәсілін іздеді. Ол дележанстарда поштаны жеткізудің мәселесін шешіп, жол беткейлерінде пошта бекеттерін құрды. Жарты ғасыр ішінде бүкіл Еуропадағы станциялар пошта бөлімдеріне толды.
Пошта бекеттері бір-бірінен 40 шақырым арақашықтықта орналасты. Себебі, егер поштада бір жағдай орын алса, жолаушы екінші поштаға тезірек жету мүмкіндігін алды. -
Баспа станогы тіпті Ресейге таныла бастады. Орыс тіліндегі көптеген кітаптар басылып шықты, бірақ шындығына келетін болсақ, ескі белорус тілінде басылып шықты. Алғашқы орыс принтері Франциск болды. Ол Беларуссияның ұлттық қаһарманы болып саналды. Алайда ,сол жылдары оның кітаптарын Мәскеуге сатуға тыйым салынды. Кейбір кітаптардың басып шығарылуы қиын болды. Қалай болғанда да, оның ісі жоғалған жоқ, оның көптеген ізбасарлары болды, соның арқасында орыс тілінде басып шығару дамыды...
-
Иван Федоров 1564 жылы Мәскеуде алғашқы Апостол кітабын шығарды. Елшілердің істері туралы орыс тіліндегі кітаптар 15 ғасырдың соңында Ұлы герцогтікте пайда болды.
-
Ақпараттық бюллетеньдер аясында, содан кейін газеттер аясында 1587 жылдың 27 қазанынан 1588 жылдың 22 қазанына дейін Нюрнбергтен қаншама жаңа жаңалықтар алынды. Ол жерде жаңа жаңалықтар , бір жыл бұрынғы жаңалықтар қарастырылды, сондықтан байланыс баяу таралды. Басып шығарудың арқасында екінші фактор-неміс поштасы пайда болды және axis қоры шамамен бір уақытта осындай жаңа әдісті ойлап табуға шешім қабылдады.
-
17 ғасырдың басында Еуропада көптеген газеттер пайда бола бастады. Ал Ресейде Борис Годуновтың кезінде "Курантэ" жаңалықтары деген газет жазыла бастады. Ол жерде шет елдің жаңалықтары жазылып отырды. 17 ғасырдан бері қазіргі күнге дейін жақсы сақталған.
-
Еуропалық ақпараттық газеттердің ақпаратын жинайтын құрама газет болды. Бюллетеньдер мен жаңалықтар 17 ғасырда олар жақсы сақталды. Бұл газет қандай болды деген түсінік Еуропада біртіндеп пайда болу процесі жүріп жатты. Нағыз газеттер 1609 жыл-бұл бірінші пайда болу.
Бірінші газеттердің журналдардан айырмашылығы, олар А5 форматындағы мектеп дәптерінің форматында болды және газеттер мен журналдар күнделікті шығып отырмады олар әдетте апта сайын,ай сайын шығып отырды. -
Кардинал Решелье көп ойланбай әдебиеттен хабары бар жергілікті дәрігер Теофраст Ренодоға ұсыныс жасайды. 1631 жылы 30 мамыр алғаш мемелекеттік газет "La Gazette" шығады.
-
1631 жылы шыққан алғашқы нөмір 0 газет деп аталды. Қытайдағы Еуропадағы алғашқы мемлекеттік газеттер тоғызыншы ғасырда пайда болды. Қытай журналистикасы жалпы шығыс журналистикасы ол әлдеқайда ежелгі еуропалық журналистикаға қатты әсер етті. Қытайда қандай да бір нәрселерге тыйым салынса,еуропада да дәл солай болды.
-
Англияда 2 революция болады. Сол кезеңдерде Англиялық концепция пайда болады. 1689 жылы Англия үкіметі "Құқық туралы" заң қабылдайды. Оның ішінде баспасөз туралы мәселе де қозғалады. Нәтижесінде билік пен журналистика бір деңгейде тұрады. Екеуінің арасында сөз талас туындаса, бәрін парламент шешіп отырды.
-
Егер біз тарихты түсінсек ,біз не түсінуіміз керек әлемнің ешбір елінде сөз бостандығы баспасөз бостандығы өздігінен пайда болған жоқ және жақсы заң қабылданғаннан кейін де бірден пайда болмады.
Жақсы Заң қабылдау үшін әлі де әрекет ету керек болды, ал Англияда жүз сексен жылға жуық уақыт өтті құқықтар туралы заң қабылданғанға дейін американдық конституция да өмірге келді. -
17-18 ғасырларда қалыптасады. Кез келген журналистиканың 4 тұжырымдамасы болады. Тұжырымдама билік пен журналистика арасындағы қарым-қатынас формасын қарастырады. Жоғарыдағы билік төменгі журналистикаға бағыт көрсетеді. Не жазып, не жазбау керектігін бағыттайды. Яғни цензураға жол бермеуге тырысады.Газет шығару үшін міндетті түрде рұқсатнама болуы шарт болды.
-
АҚШ революциясының негізінде үшінші концепция пайда болады. 1780 жылы Америкада конституция қабылданып, 10 рет өзгеріске ұшырайды. Бірінші өзгерту журналистика мен билікке қатысты болады. Журналистика толығымен жеке дамиды. Мемлекеттік журналистикаға тыйым салынады. Мемлекет пен журналистика бір деңгейде тұрады.
-
Францияда 18 ғасырдың аяғында 1881 жылы басып шығару заңы пайда болады және басып шығару заңдары мемлекет пен мемлекет арасындағы тұжырымдаманы қалыптастыруға нүкте қояды. Заң журналистикасы кез-келген мәселені заңмен шешеді және бұл еуропалық модельдің пайда болуына әккеледі. Өйткені Еуропаның барлық басқа практикалық елдері Францияның жолымен жүрді.
Бұл 4 концепция қазірге дейін бар, тек қана олардың түрлері заманға сай өзгеріп отыр. -
19-ғасыр өнертабыстың жақсы деңгейге жеткен кезеңі.
Мәскеу арасындағы теміржолдың пайда болуымен 200 жыл бұрын адамдарда байланыс болмады. Санкт-Петербургте бұл қашықтықты қысқартатын пойыз пайда болды. Сондықтан Мәскеу газеттерінде маңызды ақпараттар тарай бастады. Кейін бүкіл әлем бойынша телеграф телефонының арқасында ақпараттық революция келеді. Әр басылымда телефон телеграф аппараты болды. Мұндай әдіс прогрессивті деп аталды. -
Телеграф арқылы ақпарат жылдам таратыла бастады. Телеграфты әлем бойынша тарату үшін көп күш жұмсалды. 1870 жылы сым арқылы байланысты орнатып, жаһандану орнады. 6000 км ұзындықтағы сымды алғаш рет Атлантикалық мұхиттың түбімен өткізді. Нәтижесінде Линкольн мен Виктория патшайым телеграф арқылы хабар алмасты. Кейін акула тістеп тастап, кабель жоғалды. 1868 ж кабельді қайта өткізді. Нәтижесінде 2 континент арасында тағы үздіксіз байланыс орнады.
-
Associated Press телеграфтік агенттігі - бүкіл оңтүстік пен солтүстік АҚШ-ты қамтыды.
Reuters телеграфтік агенттігі - Британия мен Британдық колонияларды қамтыды.
Гавас телеграфтік агенттігі - бүкіл Франция, Оңтүстік Еуропа мен Африкадағы Франциялық колонияларды қамтыды.
Вольф телеграфтік агенттігі- Орталық, шығыс Еуропа мен Ресейді қамтыды. Телеграфтың пайда болуы әлемдік жаһандану мен ақпараттық революцияға әкелді. -
Телеграф лентасы әлсіз болғандықтан өте жиі қолданыстан шығып қала берді. Бұл ақпараттың таралуын тежеп отырды. Сол себепті бәсекелестік өсе берді. Халықты тезірек хабарландыру мақсатында 5 сұрақ принципі, яғни, төңкерілген пирамида пайда болды. Ең маңызды ақпарат пирамиданың басында айталытан болды.
Не? Қайда? Қашан? Неге ? Қалай? -
90-шы жылдары газет-журналдарда фотосуреттер шыға бастайды. Газеттерден тұрғындар тек соғыстардың суретін көріп келсе, ендігі адамдардың фотосуреттері шыға бастайды.
Ең алғаш түсірілген фото - Крым соғысы. -
Журналистика саласында әртүрлі мамандар пайда бола бастады. Жарнамалар шығарыла бастады. Оны француз Жарден ойлап тапты. Газеттерде жарнама түрі көбейді. 1827 ж Жарден Парижге келгенде , сатылым саны 2000 дана болды. Ал ол кісі қайтыс болғаннан кейін, сатылым деңгейі миллионға жетті. 50 жыл ішінде үлкен трансформация орын алды.
-
Журналистика бізге қалай әсер етті? Оны 3 негізде қарастыратын болсақ:
19 ғасырда техникаға әсер етті.
20 ғасырда идеология дамыды.
21 ғасырда экономика жоғары деңгейге жетті. 1990 жылы пропаганда пайда болды. Ол журналистикаға қатысы болмаса да, әсері мықты болды. Пропаганда журналистиканы қару ретінде қолданды. -
20 ғасыр- бұл идеология ғасыры. Және ХХI ғасыр журналистиканың дамуына қатты әсер етті. Техникалық және технологиялық өнертабыстар, яғни 20 ғасырдағы технология идеология 21 ғасырдың бір бөлігіне айналды. Жиырмасыншы ғасырдың ортасында жаңа ақпараттық революция басталады. Интернет пайда болады, бұл жаңа технологиялар жаңа коммуникациялардың дамуына әкеледі... Жаһандану дәуірі басталады , ғаламдық газеттер пайда болады, ғаламдық теледидар пайда болады.
-
Бұрынғы кездерде журналистика дамыған сайын адамдар қорқа бастады. Неліктен деп ойлайсыз? Кезінде фотосурет шыққанда, барлығы сурет салу өнері жоғалады деп ойлады. Бірақ олай болмады. Теледидар шыққан сәтте де, газет өледі деп есептеді. Алайда, газет әлі де жалғасын табуда. Бірақ журналистика дамыса да, ешқашан өлмейді. Себебі оған керегі коммуникация.