-
Алғашында адамдар жазу үшін пайдаланған алғашқы қағаз десек те болады. Жазу қиынған соққан. Себебі, жазу үшін орын санын үнемдеген. Үтір, нүкте деген белгілерді жазбаған. Дауысты дыбыстарды қалдырып кеткен. Әрбір 50 жыл сайын әріптер де өзгеріп отыратын болғандықтан, кейбір деректер толық сақталмаған немесе түсініксіз болған. Дегенмен, б.з.д көптеген ақпараттарды, жазуларды папирустың көмегімен анықтаған.
-
Журналистиканың папирус пайда болған кезеңнен инстаграм желісіне дейінгі даму тарихы.
-
Иоганн Гутенберг- шамамен 1394 – 1399 жылдар аралығында Майнц қаласында, Генсфлейш отбасында туған.
1450 жылы баспа станогын құрастырып-шығарады. Оның жазып шығарған ең алғашқы кітабы- библия. Ол библияны екі жылда аяқтаған. Бір бетіне бір күн жұмсаған. Бір бетте 42 жол болған. Баспа құрал — қатты штамптың көмегімен әріптің таңбасын басатын алынып-салынатын астыңғы жағы бар іші бос өзекті металл. Ол өзекке арнайы қорытпа құйылады. Әріп құймасы айнадан көрінетіндей кері кескінмен басылып шығады. -
Франц Фон Таксис- ақпарат таратудың жаңа түрін ойлап тапқысы келді. Сол себепті, жол бойына почта станцияларын салды. Жарты ғасырда еуропалық қалаларда, жолдың бойы почта станцияларына толды. Әрбір станция бір-бірінен 40 км шақырымда орналасқан.
-
Белоруссияның Қайта өрлеу дәуіріндегі рухани мәдениетінің ең көрнекті өкілі, мәдениет қайраткері, гуманист, ағартушы, отандық және шығыс славяндық алғашқы баспагер, жазушы, аудармашы және Библия комментаторы Франциск Скорина- 15 ғасырдың аяғында Полоцк көпес отбасында дүниеге келген. 1517 жылы 6 тамызда «Псалтер» атты бірінші кітабы шықты. 1519 жылдың аяғында немесе 1520 жылдың басында соңғы кітабы басылды.
-
Иван Федоровтың (және оған көмектескен Петр Мстиславец) есімі көрсетілген алғашқы баспа кітабы «Апостол» болды, оның жұмысы оған кейінгі сөзде көрсетілгендей, 1563 жылдың 19 сәуірінен 1 наурызына дейін жүргізілді.
-
Бір жыл бұрынғы жаңалық- 1587 жылдың 27 қазанынан 1588 жылдың 27 қазанына дейінгі жаңалық болып санала берді және ол Нюрберг, Венеция және барлық еуропалық елдерге тарады.
-
Ең алғаш еуропалық газет пайда болады. Олар жеке-меншік болады. Себебі, бір газет шыққан соң кей кезде қайта шықпады. Цензура болды немесе оны шығарған адам қайта шығарғысы келмеді. Сол себепті, бірінші газеттің журналдан айырмашылығы болмады. Тек 18 ғасырда ғана журналдан айырмашылығы бола бастайды.
1609 жылы қаңтарда Вольфенбюттель қаласында бірінші газет шықты. Ол "Aviso" деп аталды. Онда Кельн, Антверпен, Рим, Венеция, Вена және Прага жаңалықтары болды. -
16-17 ғасырда пайда бола бастады. Ең алғашында Францияда, кейін барлық әлемге аяқ басады. Журналистиканың 4 тұжырымдамасы қалыптасты. Кез-келген тұжырымдама билік пен журналистиканың арасындағы қарым- қатынасты қарастырды. Яғни, билік журналистиканы басқара бастады. Не айту керек, не жазу керек барлығын өздері айтып отырды. Билік басындағылар жоғары, баспадағылар төмен саналды.
-
Людовик ХIII- 1601 жылдың 27 қыркүйегінде дүниеге келіп, 1643 жылдың 14 мамырында қайтыс болған. Ол мемлекетті қалай дұрыс басқару керегін ойлайды. Оның білікті премьер- министрі-Кардинал Решелье еді. Ол мемлекетті газеттің көмегімен басқару керектігін ұсынады. Решелье Теофраст Ренодо деген дәрігерді тауып алады және ол 1631 жылы сол кісінің атынан газет шығартады. Бұл- еуропадағы ең алғашқы мемлекеттік газет болды.
-
1689 жылы парламент құқық жайлы заң қабылдайды. Бұл заң арнайы баспа жайлы болды. Заңда билік пен баспа тең делінген. Қандайда бір келеңсіздік туындаған болса, оны бірден парламент шешу керек.
-
Америкалық тұжырымдама- Америкадағы революцияның болуымен қатар пайда болды. Америка конституциясын қабылдайды. Оған 10 түрлі енгізулер енді. Бірінші түзету журналистика мен билік арасындағы қатынас жайлы болды. Англияда журналистиканы парламент басқарса, Америкада ешкім басқармайтын болды. Ол жерде мемлекеттік журналистика деген болмады. Журналистерге қатаңдық болмады.
-
19 ғасыр журналистика үшін өнертабысқа толы ғасыр болды. Жақсартылған, өзгерістер ене бастады. Паровоз, пароход, ұшақ, көліктің дамуымен қоса жаңалық та тез тарай бастады.
-
Американдық профессор, Сэмюэл Ф.Б. Морзе 1830 жылдардың басында электромагниттік сигнал арқылы байланыстарды жібере отырып тәжірибе бастады. 1838 жылы ол Морристаунда екі миль сым арқылы хабарлама жіберу арқылы құрылғыны көрсете алды. Телеграфтың практикалық маңыздылығы айқын болды, 1846 жылы Associated Press тез таратылатын телеграф желілерін газет кеңселеріне жібере бастады. Сайлау нәтижелерін Запарь Тейлор жеңіп алған 1848 жылғы президенттік сайлауда бірінші рет телеграф арқылы жиналды.
-
18 ғасырдың соңында пайда бола бастады. Баспасөз туралы заңмен қалыптасады. Бұл заң баспасөздегі тұжырымдаманың қалыптасуына нүкте қойды. Журналистика мен мемлекет арасындағы кейкілжің тек заң шығарушылармен ғана шешілетін болды. Францияда қалыптасқан осы заңнамамен барлық еуропалық елдер жүре бастады.
-
Фотографияның арқасында адамдардың түр-әлпеттері де айқын бола бастады. Себебі, бұған дейін ақпарат кімге қатысты екенін адамдар білмеді. 90 жылдары фото- суреттер журнал беттерінде немесе газеттерде жариялана бастады.
-
20 ғасыр- идеология мен пропаганданың дәуірі. Бұл ғасырда көбінесе техникалық жағынан дамулар жүзеге асады. Журналистика тұрғысынан ХХ ғасырдың басындағы кезең технологияның бұл салада айтарлықтай дами бастағанында болды. Дәл осы уақытта газет-журналдарды шығарушы функциялар көбейе бастады. Осы уақытта пропаганданың пайда бола бастағанын аңғарамыз. Пропаганда журналистиканың бір бөлігі емес. Ол керісінше журналистиканы пайдаланады. "Холодная война" журналистиканы мемлекеттің көлігі етті.
-
Жаңа ақпараттық кезең осы ғасырда басталады. Ғаламтордың пайда болуы, жаңа технологияның дамуы, жаңа коммуникация, жаһанданумен журналистиканың жаңа дәуірі пайда болды. Жаһандық газеттер, теледидарлар шықты. Журналистер де өзгерді. Қолында әлеуметтік желісі, құрылғысы бар кез- келген адам журналист секілді ақпарат тарата алады.